Accessibility links

Бакуде америкалық IREX ұйымының кеңсесін тінтті


IREX логотипі. (Көрнекі сурет)
IREX логотипі. (Көрнекі сурет)

Әзербайжан арнайы қызметінің өкілдері Бакудегі америкалық үкіметтік емес ұйым - IREX кеңсесіне басып кіріп, тінту жүргізді. Қауіпсіздік қызметінің өкілдері IREX-тің компьютерлері мен құжаттарын тәркілеген. Бұл туралы Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады.  

IREX қызметкерлері "арнайы қызмет өкілдерінің қолында тінтуге рұқсаттары болғанын, бірақ ғимаратты қоршап, басып кіруге қақылары жоқ екенін" айтады.  

IREX-тің Әзербайжандағы банк активтері 31 шілде күні қамауға алынған еді.

1968 жылы құрылған IREX - халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ол әлемнің 125 елінде демократиялық реформалар жүргізуге жәрдемдесуді мақсат тұтады.  

Әзербайжанда азаматтық қоғам ұйымдарына мұндай шабуылдар оқтын-оқтын жасалып тұрады.  

Бұған дейін Бакудегі Transparency International және "Ұлттық демократиялық институт" (NDI) ұйымының банк активтері де бұғауланған еді. NDI-дің Әзербайжандағы кеңсесі жабылып қалған.  

Әзербайжан президенті аппаратының басшысы Рамиз Мехтиев 29 тамыз күні "шетелден қаржыландырылатын тәуелсіз БАҚ-тардың Әзербайжанға қарсы күш" екенін мәлімдеген еді.  

XS
SM
MD
LG