Accessibility links

Украинада бітім жарияланғаннан соң да атыс болды


Мариуполь қаласындағы жарылыстың суреті. 6 қыркүйек 2014 жыл.
Мариуполь қаласындағы жарылыстың суреті. 6 қыркүйек 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Мариуполь қаласында атыс болды. Бұл оқиға Киев пен ресейшіл сепаратистер арасында бітім жарияланғаннан кейін, бір тәуліктен соң тіркелді. Бұл бітім төрт айдан астам уақыт болған қарулы қақтығыстарды тоқтату мақсатында жасалған еді.

Мариуполь қаласының тұрғындары Associated Press агенттігіне телефон арқылы қаланың шығыс шетінде жарылыстар болғанын айтқан. Қаланың бұл тұсында Украина әскері ресейшіл сепаратистерге қарсы қорғаныс шебін құрған еді. "Азов" батальонының еріктісі Facebook парақшасында жасақты қарсы жақтан "Градпен" атқылағанын хабарлаған. Бірақ ол оқиғаның нақты қалай болғанын егжей-тегжейлі жазбаған.

Осы апта Украина мен Ресей президенттері атысты тоқтатуға келісті. Украина президенті Петр Порошенко "Ресей президенті Владимир Путин екеуінің берген уәделерін орындайтындарын" айтқан еді.

XS
SM
MD
LG