Accessibility links

АҚШ Грузияның НАТО-ға кіруіне көмектеспек


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.

АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель "Ресейдің Украинаға ашық агрессиясы АҚШ пен Грузияны анағұрлым берік әскери байланыс орнатуға мәжбүрледі" деп мәлімдеді.

7 қыркүйек күні Тбилисиде Грузия қорғаныс министрі Ираклий Аласаниямен кездесуден соң сөйлеген Хейгель 4-5 қыркүйек күндері өткен НАТО саммитінің "Грузияның альянсқа кіру талпынысы үшін маңызды болғанын" айтты.

Хейгель Ресей президенті Владимир Путиннің әрекеттерін "қауіпті әрі жауапсыз" деп бағалайды. Ол "осы себеппен НАТО мен Тбилиси арасындағы байланыстың маңызы артатынын" айтқан. Вашингтон Грузияның НАТО-ға кіруіне көмектесетінін мәлімдеді.

Екі ел қорғаныс министрлері бұған қоса, Грузияға Blackhawk тікұшақтарын сату мәселесін де талқылады.

XS
SM
MD
LG