Accessibility links

Ресей жаңа атом сүңгуір қайығынан зымыран атып сынайды


Ресейлік атом сүңгуір қайықтарының бірі. (Көрнекі сурет)
Ресейлік атом сүңгуір қайықтарының бірі. (Көрнекі сурет)

Ресей әскери-теңіз флоты 10 қыркүйекте соңғы үлгідегі атом сүңгуір қайықтарының бірінен құрлықаралық баллистикалық зымыран атып сынайды.

Ресей ақпарат агенттіктерінің қорғаныс саласындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, "Борей" класына жататын "Владимир Мономах" атом сүңгуір қайығы 8 қыркүйекте Северодвинск портынан Ақ теңізге қарай шыққан. Ресейдің солтүстік флотында бұл сүңгуір қайықтан "Булава" зымыраны ұшырылады. Сынаққа әскери-теңіз күштерінің адмиралы Виктор Чирков қатыспақ.

Ресей қорғаныс министрлігі мамыр айында "Булава" зымыраны күзде сынақтан өткізілетіні туралы хабарлаған болатын. "Борей" класты тағы бір сүңгуір қайық - "Юрий Долгорукий" "Булава" зымыранын қараша айында сынақтан өткізеді деп хабарланды.

Бұған дейін 2013 жылдың қыркүйегінде "Александр Невский" атом сүңгуір қайығынан "Булава" зымыранын сынақтан өткізу сәтсіздікке ұшыраған еді.

XS
SM
MD
LG