Пәкістанның Лахор қаласының басшылығы қаладағы мешіттің құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 24 адамға жеткенін хабарлады.
Мешіт 9 қыркүйек күні түстен кейін намаз кезінде қираған.
Жергілікті биліктің дерегінше, мешіттің қирауына ұзақ уақыт тоқтамай жауған нөсер себеп болуы мүмкін. Апат болған уақытта мешітте 30 шақты адам болған.
Соңғы деректер бойынша, Пәкістан мен Үндістанның Кашмир аймағында толассыз жауған жауын мен одан туындаған лай көшкінінен екі елде қаза тапқандар саны 440 адамға жеткен.