Accessibility links

Афина олимпиадасына қатысқан спортшы істі болды


Атырау облыстық сотының ғимараты.
Атырау облыстық сотының ғимараты.

«Атырау» су спорты түрлері командасының экс-директоры, жүзуден Афина олимпиадасына қатысқан Виталий Ханның «қызмет бабын теріс пайдаланып, бюджет қаржысын өз пайдасына жаратқаны сотта дәлелденді» деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ханмен бірге «Атырау» командасы кадрлар бөлімінің бұрынғы инспекторы Алма Нұрғазиева да жауапқа тартылған.

Сот дерегі бойынша, 2014 жылы ақпан-наурыз айларында жасалған тексеру кезінде Хан мен Нұрғазиева «қызметтерін асыра пайдаланып өз туысқандарын жұмысқа алғаны, бюджет қаржысын орынсыз пайдаланып, жалған құжат жасағандары» анықталған.

Атырау облыстық сотының мәлімдеуінше, Виталий Хан өзіне салынған 926 мың теңге айыппұлды төлеген және мемлекетке келтірген зиян – 1,5 миллион теңгені қайтарып берген. Алма Нұрғазиева да жарты миллион теңгені қайтарған.

«Екі айыпталушы мемлекетке келтірген зиянды толық өтегендіктен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған» деп хабарлайды Атырау облыстық соты.

XS
SM
MD
LG