Accessibility links

Қазақстан ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының ең төменгі шегін белгіледі. Бұл жайында бүгін брифингте мәлім еткен ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, енді теңгенің долларға шаққандағы бағамы 170-тен 188 теңгеге дейін өзгереді. Теңге бағамының күшею мүмкіндігін Келімбетов елдің алтын-валюта қорының өсуімен және төлем балансының оң көрсеткішімен байланыстырады.

Теңгенің долларға шаққандағы ең төменгі бағамын өзгерту шешімі өткен аптада талқыланған.

11 ақпанда Қазақстан ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы жаңа бағамын 185 теңге шегінде белгілеген еді. Банк теңгені құнсыздандыру "әлемдік қаржы нарығы мен тауар нарығындағы күрделі жағдайдан", Ресей рублінің құнының түсуінен туындады деп түсіндірген.

Девальвация болғалы бері теңгенің долларға шаққандағы бағамы 182-183 теңге шамасында тұрақтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG