Accessibility links

Алматының биылғы жылғы бюджеті ұлғайды


Алматы қаласы. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласы. (Көрнекі сурет)

Алматы қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың 2014 жылғы бюджеті 10.9 миллиард теңгеге ұлғайтылып, жалпы көлемі 437.2 миллиард теңгені құрады. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаржы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, қала транспорты, энергетика салаларына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтары және қалаға жаңадан қосылған территорияларды дамытуға жұмсалмақ.

Қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, жыл басынан бері қала бюджеті жалпы алғанда 45.5 миллиард теңгеге ұлғайған. Алматы бюджетіне құйылатын қаржының 60 пайызға жуығы шағын және орта бизнес секторынан түседі.

Қазақстандағы ең үлкен мегаполисқа жататын Алматы қаласы республикалық бюджеттің доноры болып табылады.

XS
SM
MD
LG