АҚШ пен Канада биыл Аляска жағалауларында Ресеймен бірлесіп өткізуді жоспарлаған әскери жаттығудан бас тартты. Бұл жайында 11 қыркүйек күні Солтүстік Америка құрлығының біріккен әскери-ғарыш қорғанысы қолбасшылығы өкілі Чарльз Марш хабарлады.
Оның айтуынша, АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель мен Канада премьер-министрі Стивен Харпер Украинадағы жағдайға байланысты жаттығуларды өткізбеу туралы шешім қабылдаған.
АҚШ, Канада және Ресей 2007 жылдан бері Аляска жағалауларында жыл сайын Vigilant Eagle жаттығуларын өткізіп келген. Жаттығуда үш елдің әскери-әуе күштері "террористер басып алған" ұшақтарды қағып түсіруге машықтанатын.
Биылғы жаттығуларға Жапония әскерилері де қатысуы тиіс болған.