Accessibility links

Қытайда төрт "ұйғыр террористің" соты басталды


Қытай полицейі теміржол станциясында шабуыл жасалған жерді тексеріп тұр. Қытай, Куньмин, 1 наурыз 2014 жыл.
Қытай полицейі теміржол станциясында шабуыл жасалған жерді тексеріп тұр. Қытай, Куньмин, 1 наурыз 2014 жыл.

12 қыркүйек күні Қытайда осы жылдың басында Куньмин қаласындағы теміржол станциясында пышақпен қаруланып, кісі өлтірді деген күдікке ілінген төрт ұйғыр азаматының үстінен сот басталды.

Қытайлық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Искандар Эхет, Тургун Тохтунияз бен Хасан Мухаммадқа - "террорлық топ құрып, оған басшылық жасады, кісі өлтірді" деген айыптар; ал төртінші күдікті Пәтигүл Тохтыға "террорлық топқа мүше болды, кісі өлтірді" деген айып тағылған.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында 1 наурыз күні пышақпан қаруланған он шақты адам теміржол вокзалында адамдарға шабуылдап, 29 адам қаза тауып, 140-тан астам адам жараланған.

Төрт күдіктінің бірі шабуыл кезінде, қалған үшеуі кейінірек ұсталған.

Шыңжаңда мұсылман ұйғырлар көп жылдан бері Қытай билігі "кемсітіп, қысым жасайды" деп наразылық танытып келеді.

Аймақтағы кез-келген зорлық-зомбылықты ресми Пекин тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды көздейтін "ұйғыр содырлары" мен "сепаратистеріне" жабады.

XS
SM
MD
LG