Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенештің депутаты Феликс Кулов мемлекет атауын Қырғыз елі немесе Қырғыз республикасы деп өзгертуді ұсынды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, парламент отырысында сөйлеген Кулов бұл мәселе бойынша референдум өткізуге шақырған.
"Ар-Намыс" фракциясының жетекшісі Феликс Кулов референдумда дауысқа салуға шақырған өзге ұсыныстардың арасында оқу жылын 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке ауыстыру, Жоғарғы сот президиумын құрып, парламент депутаттарының өкілеттігін тоқтату мәселесі де бар.
Кулов бұл мәселелердің қоғамда және парламентте бірнеше рет көтерілгенін айтады.