Accessibility links

Рим папасы: "Дүниежүзілік соғыс" жүріп жатыр


Рим папасы Франциск.
Рим папасы Франциск.

Рим папасы Франциск әлемдегі жанжалдарды үшінші дүниежүзілік соғысқа теңеп, өлім және бүліншілікке себеп болатын қару-жарақ саудасы мен терроризмді айыптады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығына байланысты сенбі күні Италиядағы ең ірі әскери зиратта өткен шарада сөйлеген сөзінде ол «адамзат соғыс құрбандарын көзіне жас алып аза тұтуға мұқтаж» екендігін мәлімдеді.

«Тіпті, тағы бір соғыс – екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң, қазіргі кездегі үшінші дүниежүзілік соғыс жайлы айтуға болады, өйткені қылмыстар, адам өлтіру, бүлдіріп-қиратулар жалғасып жатыр» деді Франциск.

Бұған дейін Рим папасы Ирак пен Сирияда «Ислам мемлекеті» содырларының «әділетсіз басқыншылығын» тоқтату үшін халықаралық қауымдастықтың оларға қарсы күш қолдануы орынды болады деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG