Accessibility links

Ресейде мэр, депутат және губернатор сайлауы өтеді


Ресей президенті Владимир Путин қалалық дума сайлауына дауыс беріп тұр. Мәскеу, 10 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей президенті Владимир Путин қалалық дума сайлауына дауыс беріп тұр. Мәскеу, 10 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейдің Ингушетиядан басқа аймақтарының барлығында сайлау учаскелері ашылады. 30 аймақта халық губернатор сайлауына, 14-інде – заңшығару органы депутаттарының сайлауына дауыс береді.

Бұған қоса, қала мэрлері мен муниципалдық депутаттар сайлауы – барлығы алты мыңнан аса сайлау өтеді деп хабарлады ресейлік «Новости» агенттігі. Ресей биыл наурыз айында өзіне қосып алған Қырымда да бүгін дауыс беру өткізіледі.

Бүгінгі сайлауға үміткер ретінде қатысып жатқан губернаторлардың көпшілігі көктемде және жаздың басында қызметінен оставкаға кетіп, Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен уақытша міндетін атқарушы ретінде тағайындалған болатын.

XS
SM
MD
LG