Accessibility links

Көшпенділер ойыны: Қазақстан екінші орын алды


Қырғызстан командасы бірінші дүниежүзілік көшпенділер ойынының жабылу рәсімінде. Шолпон-Ата, 14 қыркүйек 2014 жыл.
Қырғызстан командасы бірінші дүниежүзілік көшпенділер ойынының жабылу рәсімінде. Шолпон-Ата, 14 қыркүйек 2014 жыл.

Жексенбі күні Қырғызстанның Шолпон-Атасында бірінші дүниежүзілік көшпенділер ойынының жабылу рәсімі өтті. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, командалық есепте бірінші орынды 16 алтын, 20 күміс және 19 қола жүлдеге ие болған Қырғызстан командасы жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы 12 алтын, 8 күміс және 8 қола медальмен жалпы есепте екінші орынды иеленді.

Үшінші орынды үш алтын және үш күміс медальмен Түркіменстан командасы еншіледі.

Қыркүйектің 9-14 аралығында Ыстықкөл аймағында өткен дүбірлі жарыста 19 елден келген 22 команда құрамында 430 адам ұлттық спорт ойындарының он түрінен бәсекеге түскен еді.

XS
SM
MD
LG