Accessibility links

«Адам азаптаған» полицейге іздеу жарияланды


Қазақстандағы азаптау құрбандарына арналған парақша. Алматы, 23 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы азаптау құрбандарына арналған парақша. Алматы, 23 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жамбыл облыстық прокуратурасы Шу аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болып істеген полиция аға лейтенантына халықаралық іздеу жариялаған. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады.

«Адам азаптаған» деген күдікке ілінген полиция оиферін тұтқынға алуға Тараз қаласының 2-соты санкция берген.

Прокуратура ақпараты бойынша, полицияның қылмыстық іздеу бөлімінде қызмет атқарған офицер «жасамаған қылмысты мойындауға мәжбүрлеп, жергілікті екі тұрғынды азаптаған» деген күдікке ілініп отыр.

Зардап шеккендердің бірінің шағымы бойынша денсаулығын тексерген дәрігерлер оның миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған деген қорытынды жасаған.

XS
SM
MD
LG