Accessibility links

Павлодар түрмесінде тұтқын қайтыс болған


Павлодар колониясының алдына жиналып туыстарымен кездесуді талап етіп тұрғандар деп сипатталған адамдар. Суретті тұтқындардың бірінің туысы жіберді. 16 қыркүйек 2014 жыл
Павлодар колониясының алдына жиналып туыстарымен кездесуді талап етіп тұрғандар деп сипатталған адамдар. Суретті тұтқындардың бірінің туысы жіберді. 16 қыркүйек 2014 жыл

Павлодардағы АП-162/4 колониясында жазасын өтеп жатқан бір тұтқын «жүрек талмасынан» қайтыс болған. Бұл туралы осы колониядағы туыстарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп қыркүйектің 16-сы күні облыстық әкімшілік алдына жиналған адамдарға қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментінің бастығы Ерсайын Нұртазинов хабарлаған.

«Бүгін түнде колонияда 55 жастағы тұтқын қайтыс болды. Тергеу тобы оның денесіне ешқандай зақым келмегенін анықтады. Денсаулығына байланысты бізде есепте тұрған ол адам жүрек талмасынан қайтыс болған» деген Нұртазин.

Ол «колониядағы тінту кезінде тұтқындар зардап шеккен» деген ақпаратты жоққа шығарған.

Сейсенбі күні Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тәрбие жұмыстары жөніндегі бастығы Борис Гаврилюк Азаттыққа түрмеде тінту шаралары жүріп жатқанын, бірақ «ешкімнің соққыға жығылмағанын» айтқан.

Дүйсенбіден бастап колонияға «ішкі әскер кіргізіліп, тұтқындарды жаппай жазалап жатыр» деген бейресми хабар тараған. Түрме алдына жиналған тұтқындардың туыстары колония әкімшілігінен іште не болып жатқаны туралы түсініктеме беруін және туыстарына жолықтыруды талап еткен. Бірақ колония басшылығы оларды ешкіммен жолықтырмаған.

Павлодардағы қатаң режимдегі АП-162/4 колониясында 1100 сотталған адам жазасын өтеп жатыр.

XS
SM
MD
LG