Accessibility links

Астанада белсенді Айтқожа Фазыловты полиция ұстады


Белсенді Айтқожа Фазыловты полиция қызметкерлері ұстап бара жатқан сәті. Астана, 17 қыркүйек 2014 жыл.
Белсенді Айтқожа Фазыловты полиция қызметкерлері ұстап бара жатқан сәті. Астана, 17 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Астанада Ресей елшілігіне бармақ болған қарағандылық зейнеткер Айтқожа Фазыловты полиция ұстап әкетті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Фазыловты елшілік алдына жеткізбей, көшеде оның жолын бөгеп тоқтаған полиция автобусы зейнеткерді көлікке салып алып кеткен. Кейін ол телефон арқылы журналистерге Астананың Алматы аудандық ішкі істер бөліміне «құжаттарын тексеру» үшін жеткізілгенін хабарлаған.

Бұған дейін Айтқожа Фазылов сәрсенбі күні Астанадағы Ресей елшілігі алдында «Тарт қолыңды Қазақстаннан!» жалғыз адамдық акциясын өткізіп, Ресей президенті Владимир Путинге жазылған хат тапсырмақшы екені туралы ақпарат әлеуметтік желіде ақпарат тараған еді.

Айтқожа Фазылов Ресейдің Украинаға қатысты саясатын сынап жүрген белсенді.

XS
SM
MD
LG