Accessibility links

Қытайда ұйғыр ғалымы сотқа тартылды


Үрімжі көшесінде тұрған полиция жасағы. (Көрнекі сурет)
Үрімжі көшесінде тұрған полиция жасағы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы орталығы Үрімжі қаласында ұйғыр ғалымы, экономика профессоры Ильхам Тохтидің ісі бойынша сот тыңдауы басталды.

Батыс ақпарат агенттіктері қытай билігі шетелдік журналистерді сот залына кіргізбегенін, полиция сот өтіп жатқан ғимаратты қоршап тұрғанын хабарлады. Сот қызметкерлері бұл процеске қатысты ақпарат беруден бас тартқан.

Ильхам Тохти өзіне тағылып отырған «Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында билікті құлатуға бағытталған іс-әрекет жасаған» деген айыпты жоққа шығарады.

Ғалым бұған дейін Қытайдағы этникалық азшылықтарға қатысты биліктің саясатын бірнеше рет сынаған.

XS
SM
MD
LG