Accessibility links

Ресей оппозициясы үлкен шеру өткізеді


Мәскеудегі «Бейбітшілік шеруі». 15 наурыз 2014 жыл.
Мәскеудегі «Бейбітшілік шеруі». 15 наурыз 2014 жыл.

Ресей астанасында оппозициялық ұйымдар жексенбі күні өтетін «Бейбітшілік шеруіне» дайындалып жатыр.

Бұған дейін Мәскеу мэриясы оппозициялық шеруді ұйымдастырушыларға 21 қыркүйек күні Пушкин алаңынан Академик Сахаров даңғылына дейінгі аумақта 50 мың адамдық шеру өткізуге рұқсат берген еді.

«Бейбітшілік шеруінің» негізгі талаптары — Ресей сыртқы саясатын басқыншыл сипатынан арылту және Украинаның оңтүстік-шығысындағы қантөгістерді тоқтату. Соғысқа қарсы шеруге қатысуға Ресейдің барлық либералдық саяси күштері ниет білдірген.

Жексенбіге белгіленіп отырған наразылық шарасы Мәскеуде биыл 15 наурызда өткен «Бейбітшілік шеруінің» жалғасы болуы ықтимал. Ол жолы Украинаның ішкі істеріне Ресейдің араласуына қарсылық шеруіне 50 мың, кейбір мәліметтер бойынша, 70 мыңдай адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG