Accessibility links

Шотландияда дауыс саналып жатыр


Эдинбургтегі дауыс санау. Ұлыбритания. 18 қыркүйек, 2014 жыл.
Эдинбургтегі дауыс санау. Ұлыбритания. 18 қыркүйек, 2014 жыл.

Шотландияда сайлау учаскелері жабылған соң дауыс санау басталды. Әзірге сайлаушылардың 4,2 миллионы референдумға қатысқаны хабарланды.

Шотландия мен Ұлыбританияның 307 жылдық одағының болашағын шешетін референдумға дауыс берушілердің 80 пайыздайы қатысқан.

Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, одақтың сақталуын шамамен 48-52 пайыз арасындағы шотландықтар жақтайды. "Шотландия тәуелсіз ел болуы керек пе?" деген сауалға 20 адамның біреуі қалай жауап беретінін білмеген.

Егер Шотландияның тәуелсіздігін қолдап дауыс бергендер басым түссе, бұл ел 2016 жылдың 24 наурызында өзінің тәуелсіздігін жарияламақ.

XS
SM
MD
LG