Accessibility links

Назарбаев балалар омбудсмені институтын құруды ұсынды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалар құқығы бойынша омбудсмен институтын құру туралы ұсыныс жасады. Бұл ойын Назарбаев 19 қыркүйек күні Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтқан.

Қазақстан президентінің айтуынша, жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған жалпыұлттық мәліметтер базасын құру қажет. Сонымен қатар, ол балалар үйіне жұмсалатын қаржының бір бөлігін жетім балаларды асырап алған отбасыларға беруді ұсынып, жалғыз басты аналарға және балалар мен қарттарды қолдауға арналған дағдарыс орталықтарын дамыту идеясын қолдаған.

Қазақстанда бала құқығы жөнінде омбудсмен жоқ. 2002 жылдан бері адам құқығы бойынша уәкілетті ұйым жұмыс істеп келеді. Бұл ұйымға қатысты «биліктің ұстанымына қолдау көрсетеді» деген сын айтылған болатын.

XS
SM
MD
LG