Accessibility links

НАТО қолбасшысы: Украинада ресейлік әскерилер бар


Еуропадағы НАТО біріккен күштері бас қолбасшысы генерал Филип Бридлав. 30 шілде 2014 жыл.
Еуропадағы НАТО біріккен күштері бас қолбасшысы генерал Филип Бридлав. 30 шілде 2014 жыл.

Еуропадағы НАТО біріккен күштері бас қолбасшысы генерал Филип Бридлав Украина үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында атыс тоқтату туралы 5 қыркүйекте жарияланған бітімнің орындалып жатқанына шәк келтіретіні туралы мәлімдеді.

Сенбі күні Литва астанасы Вильнюс қаласында журналистер алдында сөйлеген Бридлав Украинаның шығысында бітім туралы жарияланғалы бері зорлық-зомбылық еш азаймағанын, ал ресейлік әскери қызметкерлер бұрынғысынша Украина аумағында жүргені жайлы мәлімдеді.

Генерал жұма күні Минскіде Украинадағы дағдарысты реттеу жөніндегі байланыс тобы қол қойған меморандум жанжал болып жатқан аймақта тұрақтылық орнауына септеседі деп үміттенетінін айтқан.

Бридлав Вильнюсте НАТО елдері қарулы күштерінің қолбасшылары отырысында сөйлеген. Бұл жиында басқа мәселелермен бірге Украинадағы жағдай және НАТО-ның Ресеймен қарым-қатынасы да талқыланған.

XS
SM
MD
LG