Accessibility links

Шыңжаңда жарылыстардан екі адам қаза тапқан


Үрімжі көшелерінде жүрген қытай полицейлері жанынан өтіп бара жатқан балалы әйел. (Көрнекі сурет)
Үрімжі көшелерінде жүрген қытай полицейлері жанынан өтіп бара жатқан балалы әйел. (Көрнекі сурет)

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдары елдің батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Луньтай қаласында 21 қыркүйекте болған үш жарылыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады. Луньтай қаласы автономиялық аудан орталығы Үрімжіден оңтүстік-батысқа қарай 360 километр қашықтықта орналасқан.

Шыңжаңда соңғы айларда зорлық-зомбылық пен шабуыл көбейді. Шыңжаңда мұсылман ұйғырлар көп жылдан бері Қытай билігі оларды «кемсітіп, қысым жасайды» деп наразылық танытып келеді.

Аймақтағы кез-келген зорлық-зомбылықты ресми Пекин тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды көздейтін «содырлар» мен «сепаратистерге» жабады.

XS
SM
MD
LG