АҚШ пен одақтастарының әскери-әуе күштері Сирия территориясындағы «Ислам мемлекеті» радикалдық исламшыл топтың позицияларына алғаш рет соққы берді деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі, вице-адмирал Джон Кирби. Оның айтуынша, операцияға жойғыш және бомбалаушы ұшақтар мен Tomohawk зымырандары арқылы жасалған.
Кирби АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің операциясына нақты қай одақтастарының қатысқанын айтпады. Бірақ, Associated Press агенттігі Пентагондағы дереккөзіне сілтеме жасап, операцияға араб елдері қатысқанын хабарлады.
Таяуда АҚШ президенті Барак Обама «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымымен күрес стратегиясын жария етіп, ұйымның Сирия территориясындағы нысандарына соққы берілетінін мәлімдеген.
«Ислам мемлекеті» тобының содырлары биыл жазда Сирияның біраз бөлігін, Ирактың батыс және солтүстіктегі жерлерін басып алған еді. Содырлар басып алған аймақтарда мыңдаған адамды қырып, америкалық екі журналист пен Ұлыбритания азаматы, гуманитарлық ұйым қызметкерін өлтірген.