Accessibility links

Инчхонда Қазақстан тағы үш қола медаль алды


Семсерлесу. (Көрнекі сурет).
Семсерлесу. (Көрнекі сурет).

Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары тағы үш қола медаль ұтып алды. Синхронды жүзуден Қазақстанның әйелдер құрамасы бүгін командалық жарыста Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Алтынды - Қытай, күмісті Жапония құрамалары иеленді.

Бүгін бұдан өзге семсерлесудің шпага түрінен Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Қытайды 44:40 есебімен ұтып, жартылай финалға шыққан. Алайда бұл кезеңде Жапониядан 37:45 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарының қола медалімен шектелді.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы (Ярослава Шведова, Юлия Путинцева, Камила Керімбаева) командалық сынның жартылай финалында Қытайлық Тайпейден 1:2 есебімен ұтылып, қола жүлде алды.

Қазір Қазақстанда Азия ойындарының 14 медалі (үш алтын, екі күміс, тоғыз қола) бар. Қазақстан жалпы командалық есепте әзірге Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Солтүстік Корея және Моңғолиядан кейінгі алтыншы орында тұр.

Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG