Accessibility links

Әзербайжанда терроризм күдігімен 26 адам тұтқындалды


Сирияда радикалдық содырлар жағында соғысқан әзербайжандықтар.
Сирияда радикалдық содырлар жағында соғысқан әзербайжандықтар.

Әзербайжан билігі Кавказ елдерінің 26 азаматын Сирия мен Пәкістандағы содырларға қатысы бар деген күдікпен тұтқындады.

Әзербайжан ұлттық қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, "заңсыз қарулы топтарға мүше болу", "қару-жарақ пен жарылғыш заттар тасымалдау" және басқадай күдіктермен ұсталған бұл адамдар шетелден Әзербайжанға оралған соң тұтқындалған.

Әзербайжан заңдары бойынша, аталған қылмыстар бойынша айыпты деп танылған адамдар жиырма жылдан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Сирияда радикалдық содырлар жағында соғысқан 100-ден аса әзербайжандық қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG