Accessibility links

Обама: "Ресейдің Украинадағы ісі әлемге қатер"


АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ-ның 69-Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қыркүйек 2014 жыл
АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ-ның 69-Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қыркүйек 2014 жыл

АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Украинадағы іс-әрекеті екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіпке қатер төндіріп тұрғанын мәлімдеді.

24 қыркүйекте Нью-Йоркте ашылған БҰҰ-ның бас ассамблеясында Обама Еуропа территориясындағы Ресей агрессиясын айыптады. Ол Мәскеу Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеуге септессе, Вашингтонның санкцияларды азайтатынын да ескертті.

"АҚШ Украина халқының демократиясы мен экономикасын дамытуына жәрдем береді" деді ол.

Президент Обама дүние жүзін "Сирия мен Иракты өлім құштырған" ИШИМ-ге қарсы АҚШ-тың ашқан майданына қосылуға шақырды. Ол АҚШ-тың исламмен емес, исламшылдармен соғысып жатқанына назар аударып, миллиондаған мұсылман америкалықтардың ар-намысы бүтін күйде осы елдің ажырамас бөлігі болып саналатынын айтты.

Ол Иранды халықаралық экономикалық санкцияларды жұмсарту үшін ядролық бағдарламасын тоқтату туралы келісім жасау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.

Бас ассамблеяда алғашқы болып сөз алған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун адам құқықтары мен заң үстемдігі қатерге ұшырағанын айтты.

"Дүние бөлшектеніп, дағдарыс көбейіп, ауру-сырқау тарап бара жатқандай көрінеді" деген Пан Ги Мун әлемдік қауымдастықты осы мәселелерді бірлесе шешуге шақырды.

Бұл жолғы сессияның басты тақырыптары - ИШИМ қатері, Эбола дерті мен Ресейдің Украинадағы әрекеті.

Жиынға 140 елдің президенттері мен премьерлері, БҰҰ-ның лауазымды тұлғалары қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG