Accessibility links

Царнаевтың соты кейінге қалдырылды


Бостон жарылысын ұйымдастырды деп айыпталған ағайынды Джохар (сол жақта) мен Тамерлан Царнаевтар. ФБР жариялаған сурет. 18 сәуір 2013 жыл.
Бостон жарылысын ұйымдастырды деп айыпталған ағайынды Джохар (сол жақта) мен Тамерлан Царнаевтар. ФБР жариялаған сурет. 18 сәуір 2013 жыл.

24 қыркүйекте Бостонның федералдық соты Бостон марафоны кезінде болған жарылыстары ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың сотын екі айға кейінге қалдырды. Царнаевтың соты 2015 жылдың 5 қаңтарына белгіленді.

Царнаевтың адвокаттары Бостонда алқа билерді іріктеудің қиындығын алға тартып, судьяға сот процесін Вашингтонда өткізуді және оны кейінге қалдыруды сұраған. Қорғаушылар сот Бостонда ерте өткізілген жағдайда айыпталушы жаққа бүйрегі бұрмайтын алқа билерді таңдау қиынырақ болады дейді.

Судья Джордж О'Тул қорғаушылардың ақпарат құралдарының Царнаевтың ісіне аса қатты назар аударғанынан бес миллион халық тұратын Бостонда әділ үкім шығаратын алқа сотын табу мүмкін болмайды деген ұйғарымын қабылдамай тастады. Судья қорғаушыларға айыптаушы жақ жинаған айғақ-дәлелдер және куәгерлердің айтқандарымен танысуға мүмкіндік беру үшін сот процесінің басталуын кейінге қалдыруды ұйғарған.

2013 жылы 15 сәуір күні Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 173 адам жараланған. Жарылыстан соң негізгі күдіктінің бірі Джохар Царнаев ұсталды. Кейін Бостонда онымен жақын араласқан қазақстандық студенттер – Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов та тұтқындалған. Джохар Царнаевпен бірге жарылыс жасады деп айыпталған ағасы Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде, 2013 жылдың сәуір айында қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG