Accessibility links

БҰҰ шетелдік содырлар туралы қарар қабылдады


АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамбелясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қыркүйек 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамбелясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 24 қыркүйек 2014 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 мемлекет Ирак пен Сирияға шетелдік исламшыл содырлардың ағылуын тоқтатуды көздейтін қарардың міндетті түрде орындалуын бірауыздан мақұлдады.

Жобасын АҚШ дайындаған қарар 24 қыркүйекте осы ел президенті Барак Обаманың төрағалығымен өткен отырыста қабылданды.

АҚШ президенті тарихи құжат деп атаған қарар барлық елді шетелдік экстремистік топтарға қосылып, оларды қаржыландырған және жаңа мүше тартқан азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндеттейді.

Әлемнің көптеген елінен Сирия мен Иракқа "Ислам мемлекеті", "әл-Нусра майданы" сияқты экстремистік топтарға кірген мыңдаған содыр барған. БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Барак Обама әлемдік қауымдастықты "Ислам мемлекеті" содырларының "ажал жүйесін" күйретуге шақырды.

XS
SM
MD
LG