Accessibility links

Донецкіде атыс тоқтамай тұр


Донецк облысында жүрген украин әскерилері. 23 қыркүйек 2014 жыл.
Донецк облысында жүрген украин әскерилері. 23 қыркүйек 2014 жыл.

Донецкідегі ахуал шиеленіскен күйде қалып отыр. Қалалық кеңес сайтының хабарлауынша, сәрсенбіде қаланың үш ауданында снарядтардың жарылысы мен ауыр әскери техникадан дүркіндете атылған дауыстар естілген.

24 қыркүйек күні сәл ертерек украин әскерилері мен ұлттық гвардия ресейлік ақпарат құралдары Донецк облысының Макеевка ауданында «бейбіт тұрғындардың жаппай қырылғаны» туралы таратылған ақпаратты жоққа шығарған.

Құрбан болғандар жерленген орынға барған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдері мәйіттердің жаппай көмілмегенін, әр зираттың үстіне жерленген адамның аты-жөні жазылған тақтайша ілінгенін растады.

Associated Press пен Reuters агенттіктері өткен аптада сепаратистер тарапынан күшті атқылауға ұшыраған Маакеевканың маңында түсірілген суреттерді жариялады. Суреттердің бірінде мерт болғандардың денелері жатқан шұңқыр көрінеді.

20 қыркүйекте Минскіде Украинаның шығысындағы қақтығыстарды тоқтату туралы Украина, Ресей, ресейшіл сепаратистер және ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен жасалған келісім бойынша, қарсылас екі тарап та қақтығыс аймағынан ауыр техника және артиллерия қаруларын әкетіп, әскери ұшақтар мен пилотсыз аппараттарды әуеге көтермеу және бір бірімен әскери тұтқындар алмасуға уағдаласқан. Келісімдердің орындалуын бақылау үшін екі тараптың шептерінде ЕҚЫҰ бақылаушылары жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG