Accessibility links

KASE қытай юанімен сауда жүргізе бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

25 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) Қытай юанімен Қазақстан теңгесінің валюталық сауда-саттығы жүргізіле бастады.

Қор биржасының ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, таңертеңгілік сауда сессиясындағы валюта жұбымен жасалған сауда көлемі 200 мың теңгені құрап, юаньнің орташа бағамы 29.64 теңге болған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, юаньмен сауда-саттық екі елдің ұлттық банктері арасындағы келісімдер, оның ішінде қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің отырыстары және Қазақстан қор биржасы жүргізген дайындық жұмыстары нәтижесінде іске қосылған.

Қазір KASE-де АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және Қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізіледі.

XS
SM
MD
LG