Accessibility links

ХАМАС пен ФАТХ Газаға қатысты келісім жасасты


Палестина туын ұстап тұрған палестиналық бала, Газа секторы. (Көрнекі сурет).
Палестина туын ұстап тұрған палестиналық бала, Газа секторы. (Көрнекі сурет).

ХАМАС пен ФАТХ қозғалыстары Газа секторында ұлттық бірлік үкіметін қайта құру туралы келісім жасасты. Бұл жайында тараптар Каирде өткен екі күндік келіссөздерден соң мәлімдеді.

Тамыз айында Израиль мен Палестина автономиясы арасында жасалған келісімнің бір тармағы бойынша Газа секторы ХАМАС пен ФАТХ қозғалыстарының әкімшілік басқаруына берілетін болған.

Палестинаның Тель-Авивпен келіссөздері қазан айында қайта жалғасуы тиіс.

ХАМАС пен ФАТХ маусым айында біртұтас үкімет құрғанымен, ол әлі жұмысқа кіріспеген еді. Палестина жетекшісі Махмуд Аббас ХАМАС-ты Газа секторын іс жүзінде басқаратын балама әкімшілік құрып алды деп айыптаған. ХАМАС-тың ұйғарымынша, Рамалладағы билік Газа секторындағы шенеуніктерге жалақы төлемеген.

XS
SM
MD
LG