Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан жетінші алтынын жеңіп алды


Нысана көздеуден 44 жастағы қазақстандық спортшы Ольга Довгун Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ол елу метрден винтовкамен үш позициядан атуда жеңіске жетті. Дәл осы бағдарламаның командалық жарысында Қазақстан құрамасы (Ольга Довгун, Елизавета Лунина, Александра Малиновская) қола медаль жеңіп алды.

Қазір Қазақстанда Азия ойындарының 32 медалі (7 алтын, 8 күміс. 17 қола) бар. Қазақстан жалпы командалық есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан кейінгі төртінші орында. Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG