26 қыркүйек күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов "Украина дағдарысы кесірінен Батыс елдері мен Ресейдің бір-біріне салған санкциялары ғаламдық даму мен экономикалық өркендеуге зардабын тигізеді" деп мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.
Ол бір-біріне қарсы санкциялар жариялап отырған елдердің үлесіне әлемдік жиынтық өнімнің 60 пайызы тиесілі екенін айтқан.
Ыдырысов "Бұл әрине ғаламдық даму мен экономикалық өркендеуге зардабын тигізеді" деген.