26 қыркүйек күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Литва президенті Даля Грибаускайте Ресейді "Украинаға заңсыз агрессия жасады" деп сынады.
The Washington Post газетіне 25 қыркүйек күні берген сұхбатында Грибаускайте "Ресей Украинада террорист сияқты әрекет етті және сонысымен басқа көршілерін де қорқытып отыр" деген.
Ол Батыс елдерін де "Ресейдің және Ирак пен Сирияның бір бөлігін жаулап алған "Ислам мемлекеті" ұйымының басқыншылығына тосқауыл қоя алмағаны" үшін сынаған.
Ресейдің Украинаның Қырым түбегін аннексиялауы Литва, Латвия және Эстония басшыларын қатты алаңдатқан еді. Бұл үш ел 1991 жылы Совет Одағынан тәуелсіздігін алып, 2004 жылы қорғаныстарын нығайту мақсатында НАТО мен Еуропа Одағына кірген.