Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол алтын медальді жеке жарыстан алды. Спорттың бұл түрінде велоспортшылар 42 километрді уақытпен жеке жүріп өтеді.
Күміс жүлдені қырғызстандық атлет Евгений Веккер, қола медальді ирандық спортшы Хосеин Аскари иеленді.
Қазақстан қазір 9 алтын, 9 күміс, 17 қола медальмен жалпы есепте 4-орында тұр. Қазақстан құрамасы Азиа ойындары алдында 20 алтынмен жалпы есепте 4-орын алуды жоспарлаған еді.
Үздік үштікте Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония тұр.
Азия ойындары 4 қазан күні аяқталады.