Accessibility links

Голливуд жұлдызы құқыққорғаушыға үйленді


Киноактер Джордж Клуни (сол жақта) қалыңдығы Амал Аламуддинмен. Венеция, Италия, 26 қыркүйек 2014 жыл.
Киноактер Джордж Клуни (сол жақта) қалыңдығы Амал Аламуддинмен. Венеция, Италия, 26 қыркүйек 2014 жыл.

Америкалық танымал киноактер Джордж Клуни адам құқығы жөніндегі істермен шұғылданатын адвокат Амал Аламуддинмен некеге отырды. Бұл туралы актердің өкілі хабарлаған.

Сенбі күні Венециядағы қымбат қонақүйлердің бірінде өткен үйлену тойына күйеу жігіт пен 36 жастағы қалыңдықтың ең жақын адамдары қатысқан. Олардың арасында кейбір Голливуд киножұлдыздары болған.

Ливанда дүниеге келіп, Оксфорд және Нью-Йорк университеттерінде білім алған 36 жастағы Амал Аламуддин WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанждың, Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенконың мүдделерін қорғаған, сонымен бірге БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан Сирия жөніндегі арнайы өкіл болып тағайындалғанда оған кеңесші болған деп хабарлайды BBC.

53 жастағы Джордж Клуни осы кезге дейін АҚШ кино өнері академиясының басты жүлдесі – «Оскар» сыйлығын екі рет иеленген.

XS
SM
MD
LG