Accessibility links

Хассан Роухани Каспий саммитіне қатысуға барды


Иран президенті Хассан Роухани.
Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани Каспий маңы елдерінің саммитіне қатысу үшін 29 қыркүйекке қараған түні Астраханға барды. Бүгін, 29 қыркүйекте басталатын саммитке Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Түркіменстан президенттері де қатысады.

Каспий теңізі арқылы ортақ шекарасы бес мемлекет бірнеше жылдан бері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы ортақ келісім жасай алмай келеді. Қазір теңіз мәртебесі мен оны пайдалану жайы 1921 және 1940 жылдары Иран мен СССР арасында жасалған келісім бойынша анықталып отыр.

Каспий теңізінде мұнай мен газдың үлкен қоры бар. Соңғы 12 жылда осымен төртінші рет президенттер дәрежесінде саммит өтейін деп отыр.

XS
SM
MD
LG