Харьковте Украинаның бірлігін қолдап шеруге шыққандар коммунистер көсемі Владимир Лениннің ескерткішін құлатты. Қала орталығындағы Бостандық алаңында орналасқан жиырма метрлік ескерткішті мыңдаған белсенді орнынан алды.
Ескерткіштің құлауын жүздеген адам бақылап тұрды және оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері болмады. Белсенділер ескерткішті құлатпас бұрын оның іргетасына балтамен «Жасасын Украина!» деген сөзді ойып жазды.
Наурыз және сәуір айларында Ресей шекарасынан жиырма километр қашықтықта орналасқан Харьков қаласында ресейшіл және украинашыл манифестанттар өзара қақтығысқан еді. Бұған дейін ресейшіл сепаратистер ескерткішті қираудан сақтап қалған болатын.