Accessibility links

Каспий елдері басшыларының саммиті аяқталды


Каспий маңы елдерінің мемлекет басшылары баспасөз жиынында отыр. Астрахань, 29 қыркүйек 2014 жыл.
Каспий маңы елдерінің мемлекет басшылары баспасөз жиынында отыр. Астрахань, 29 қыркүйек 2014 жыл.

Астраханьда Каспий маңы елдері мемлекет басшыларының төртінші саммиті аяқталып, Каспий теңізіне қатысты бірнеше келісімге қол қойылды.

Ақорданың хабарлауынша, саммитті қорытындылаған баспасөз жиынына қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиында бес ел барлық күрделі мәселелерде келісуге ниеті барын байқатқанын айтқан.

"Келіссөздер нәтижесінде Каспий жағалауы елдері іс-қимылының негізгі аспектілері бойынша іс-қимылы ұстанымдары жақындай түсті. Аймақтық маңызды бірқатар мәселелерді талқыладық. Астрахань саммитінің қорытындысы негізгі құжат - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануына жаңа импульс беретініне сенімдімін" деген Назарбаев.

Саммит барысында Қазақстан Каспий еркін сауда аймағын құру туралы ұсыныс, Түркіменстан тұрақты жұмыс істейтін Каспий экономикалық форумын құру туралы ұсыныс білдірген.

Саммитте мемлекет басшыларының қатысуымен Каспий теңізіндегі гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және Каспий теңізінің су және биологиялық ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану туралы келісімге қол қойылған.

Президенттер келесі бесінші саммитті Қазақстанда өткізуге уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG