Accessibility links

Сирия "Ислам мемлекетіне" әуе соққысын құптады


Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2014 жыл.
Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2014 жыл.

БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Сирияның сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем Дамаскінің "халықаралық қауымдастықтың терроризммен күресін" қолдайтынын мәлімдеді.

Муаллем өз сөзінде халықаралық қауымдастық үшін "Ислам мемлекеті", "Әл-Нусра майданы" ұйымдары және "Әл-Қаидамен" байланысы бар басқа да топтардың содырларымен күрес басты орында тұруы тиіс деді.

Бас ассамблеядағы сөзінен соң Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Муаллем АҚШ әрбір әуе соққысын жасамас бұрын ол жайында Дамаскіні хабардар етпейтінін айтқанымен, "онда тұрған еш ағаттық жоқ. Біз "Ислам мемлекетімен" күресіп жатырмыз. Олар да осы ұйыммен күресіп жатыр" деді. Ол Вашингтон Сирия территориясына алғашқы әуе соққысын жасаудан бір тәулік бұрын ол жайында Дамаскіге ескерткенін айтты.

Ресей мен Иран бұған дейін АҚШ басшылық ететін әуе шабуылдары халықаралық құқық нормаларын бұзатынын және шабуыл тек БҰҰ-ның мақұлдауымен немесе Сирия үкіметінің сұрауы бойынша ғана жасалуы қажет екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG