Accessibility links

Гонконг билігі шерушілерді тарауға шақырды


Гонконгтағы наразылық шеруі. 29 қыркүйек 2014 жыл.
Гонконгтағы наразылық шеруі. 29 қыркүйек 2014 жыл.

Гонконг билігі демократиялық талаптармен көшеге жаппай наразылық шеруіне шыққандарды «жедел тарауға» шақырды.

Бүгін Гонконг әкімшілігінің басшысы Лян Чжэньин Қытайдың коммунистік билігі қысымға көнбейтінін және бұл әкімшілік аймақтағы сайлау жүйесін реформалаудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Гонконг 1997 жылы Қытайдың қарамағына өткелі бері аймақта мұндай ірі толқу болмаған. 26 қыркүйекте басталған Гонконгтегі наразылықтарға 2017 жылға белгіленіп отырған аймақтың келесі басшысын сайлауға қатысты Пекиндегі орталық үкімет енгізген шектеулер себеп болған. Демонстранттар Лян Чжэньиннің отставкаға кетуін және Гонконг тұрғындарына аймақтың келесі басшысын еркін сайлауға мүмкіндік беруін Пекиннен талап етіп жатыр.

Ресми Пекин Қытай үкіметінің саясатына қарсылыққа және сырттан қандай да бір күштердің араласуына төзе алмайтыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG