Accessibility links

Луганскіде атыстан қаза тапқандар бар


Ірі калибрлі пулемет ұстаған украиналық сарбаз. Дебальцево қаласының маңы, Донецк облысы. 29 қыркүйек 2014 жыл.
Ірі калибрлі пулемет ұстаған украиналық сарбаз. Дебальцево қаласының маңы, Донецк облысы. 29 қыркүйек 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Луганск облысында ресейшіл сепаратистер бүгін таңертең Попасная қаласын атқылады. Жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер бар. Облыс басшысы Геннадий Москальдің сайтындағы ақпаратта медициналық жедел жәрдем станциясында өрт болып, қалаға кіреберістегі көпір қирағаны айтылған. Атыстан қаза тапқандар жайлы нақты дерек жоқ.

Өткен түні Донецкіде атыстан тұрғын үй толық қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ұрыс қимылдары үдеп, қалада бес мыңға тарта тұрғын газсыз қалған. Қалалық кеңес сайты атыс пен жарылыс үні естіліп жатқанын хабарлайды.

Соңғы тәуліктерде сепаратистер «Град» қондырғысынан Некишино, Малоорловка, Редкодуб және Чернухино ауылдары маңындағы украин әскерилерінің позициясын бірнеше рет атқылаған. Донбасстағы арнайы операциялар баспасөз орталығының хабарлауынша, үкімет әскері Донецк әуежайы мен Дебальцово қаласына жақын маңдағы бекіністі және Мариуполь маңайын бақылауда ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG