Accessibility links

Парламент сенатына сайлау өтіп жатыр


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Бүгін Қазақстанда парламенттің жоғарғы палатасы - сенат депутаттығына сайлау өтіп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлау бюллетеніне 39 кандидаттың аты-жөні енгізілген. Сенат депутаттарын сайлауға мәслихат депутаттары қатысады. Әр сайлаушының даусы бір дауыс болып есептеледі.

Сайлау сенат депутаттарының конституция бойынша белгіленген өкілеттіктерінің аяқталуына байланысты өткізіліп отыр.

Сенатта 47 депутат бар. Оның 15-ін президент тағайындайды. Ал қалған 32-сін облыстық және Алматы мен Астана қалаларының мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Соңғы рет сенат депутаттарын сайлау 2011 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG