Accessibility links

АҚШ Ресейдің екі ел арасындағы бірлескен оқушы алмасу бағдарламасын тоқтату туралы шешіміне қынжылыс білдірді. АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Теффтің айтуынша, Мәскеу 30 қыркүйекте америкалық елшілікке келесі жылдан бастап "Болашақ жетекшілерді алмасу" бағдарламасынан бас тартатыны жайлы ескерткен.

Тефф 21 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бағдарлама "АҚШ пен Ресей азаматтары арасында берік байланыс орнатқанын" айтады.

Бұл бағдарлама ресейлік оқушылардың бір жыл АҚШ-қа барып, америкалық отбасымен бірге тұрып, жергілікті мектептерде білім алуына мүмкіндік жасайтын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG