Accessibility links

Египетте Мурсидің ондаған жақтасы сотталды


Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси сотта отыр.
Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси сотта отыр.

Египет соты биліктен тайдырылған елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастарының былтыр қазан айында өткізген наразылық акцияларындағы тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша 68 адамды соттады.

30 қыркүйекте өткен сотта барлық күдіктілер Каир көшелеріндегі зорлық-зомбылықтарға қатысы бар деп айыпталды. 63 адам әрқайсысы 15 жылға, қалған бесеуі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

2013 жылы қазан айында шерушілердің полициямен қақтығыстарынан 50-ден аса адам оқ тиіп мерт болған. Египетте Мурсиді қолдаған шерулер басталғалы жүздеген демонстрант құрбан болды. Ондаған полиция қызметкері қаза тапты.

Кейін жүздеген адам ұсталып, кейбірі сотталды, арасында өлім жазасына кесілгендер де бар.

2013 жылдың шілдесінде әскерилер биліктен кетірген Мурсидің өзі де қазір бірнеше іске қатысты қамауда отыр. Террорлық және тыңшылық әрекеттерге қатысты айып тағылған Мурси өлім жазасына кесілуі ықтимал.

XS
SM
MD
LG