Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан тағы бір күміс алды


Бокстан Лондон олимпиадасында қола алған Марина Вольнова Азия ойындарында да қола жүлдегер атанды. Инчхон, 30 қыркүйек 2014 жыл.
Бокстан Лондон олимпиадасында қола алған Марина Вольнова Азия ойындарында да қола жүлдегер атанды. Инчхон, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Ол финалда үндістандық Чунгнейджанг Мэри Ком Хмангтеден ұтылды. Кездесуде Аргентина мен Финляндия төрешілері жеңісті Үндістан боксшысына беріп, Марокко төрешісі екі боксшы тең түсті деген шешім шығарған. Нәтижесінде екі төрешіден жеңіс алған Хмангте Азия ойындарының чемпионы атанды.

Осыған дейін әйелдер боксынан қазақстандық Марина Вольнова қола жүлде алған еді. Ал ерлер арасында сегіз қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты.

Қазір Қазақстан құрамасында 15 алтын, 17 күміс және 25 қола медаль бар. Азия ойындары 4-қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG