Accessibility links

Ресей Қазақстан іргесінде жаттығу өткізіп жатыр


Ресейдің "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыраны. (Көрнекі сурет)
Ресейдің "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыраны. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Алтай аймағында стратегиялық мақсаттағы зымыран күштерінің ауқымды командалық-штабтық жаттығуы өтіп жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігі 30 қыркүйекте басталған жаттығу стратегиялық мақсаттағы зымыран күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Сергей Каракаевтың басшылығымен өтіп жатқанын хабарлады. Әскери жаттығуға Барнаулдың зымыран күштері бөлімдері – жиыны 4 мыңнан аса әскери қызметкер, 400-ге тарта қару-жарақ пен әскери техника түрлері, әскери авиация мен «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыран кешені қатысып жатқаны хабарланды.

Жаттығу барысында әскери дайындықты жоғары деңгейге келтіру, әскери шолғын кезінде түрлі маневрлер жасау, диверсиялық-тыңшылық құрылымдармен күрес және шартты жаудың нысанына жоғары дәлдіктегі қарудан соққы беру және басқа да түрлі тапсырмаларды орындау мақсаты қойылған.

Ресей қарулы күштері Барнаул зымыран дивизиясы орналасқан аудандағы «диверсиялық топтарды» анықтау үшін және «Тополь» жылжымалы зымыран кешендерін күзету үшін пилотсыз ұшатын аппараттарды қолдануды сынақтан өткізіп жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігі әскери жаттығудың қашан аяқталатыны туралы айтқан жоқ.

XS
SM
MD
LG