Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закарьянов отставкаға кетуге өтініш берді деп хабарлайды ресми агенттіктер.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Закарьянов қызметтен кету жайлы өтінішін Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Ерік Сұлтановқа 1-қазан күні түстен кейін берген. Әзірге Закарьяновтың не себепті отставкаға кетуге өтініш бергені белгісіз.
Төлеген Закарьянов Петропавл әкімі қызметін 2013 жылдың мамыр айынан осы кезге дейін атқарып келген.