Accessibility links

Карзайдың інісінің банкке қарызы айтылды


Ауғанстан экс-президентінің інісі Махмуд Карзай.
Ауғанстан экс-президентінің інісі Махмуд Карзай.

Ауғанстанның коррупцияға қарсы ұйымы жалпы сомасы 663 миллион АҚШ долларына жуық банк қарыздарын қайтармаған 19 адамның арасында елдің бұрынғы президенті Хамид Карзайдың інісі мен бұрынғы вице-президент Мухаммад Касим Фахимның бауыры бар екенін айтады.

Ауғанстандағы ірі банктен несие алып қайтармаған алаяқтық оқиғасы 2010 жылы қоғамда үлкен шу туғызған еді.

Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғани Kabul Bank несиелеріне қатысты тергеуді қайта бастауға пәрмен берген күннің ертеңінде коррупцияны бағалау және бақылау жөніндегі біріккен тәуелсіз комитет даулы ниеселерге қатысты нақты деректерді жария етті.

Тәуелсіз аудиторлардың ақпараты бойынша, экс-президенттің інісі Махмуд Карзай бұған дейін банктен алған 13,4 миллион доллар борышын өтеген, ол әлі банкке 22,2 миллион доллар қарыз. Махмуд Карзайдың өзі кезінде алған несие ақшаны «өсімімен қоса түгел» қайтарғанын айтады.

Сол сияқты, Ауғанстанның бұрынғы вице-президентінің туысы Абдул Касим Фахим де 36 миллион долларға жуық қарызын өтеген, бірақ әлі 4,4 миллион доллар борышы бар деген дерек келтіреді сарапшылар.

XS
SM
MD
LG